Маңғыстау облысы: іс сапар нәтижелері
ҚМДБ-ға қарасты «Халал Дамудың» Маңғыстау облысындағы жауапты өкілі Іздібай Бегенұлы мен технолог Әсел Мақсатқызы Маңғыстау облысындағы «QMDB Halal» сертификатын алған бірқатар өндіріс орындарына барып, бақылау-қадағалау шараларын жүргізді.
Тексерілген кәсіпорындар:
"Сейдахметова" ЖК “Happy Cake”
"Искулов" ЖК Фаст -фуд өнімдері
"MDN Street Foods" ЖК "Honey butter" кофейнясы
“Plov me” тамақтану орны
"Айдарбеков М.Д" ЖК “Кереге” тамақтану орны
“Bozjyra” тамақтану орны
“Bozjyra tattileri” кондитерлік дүкені
“Айса” ЖК жартылай дайын өнімдері
"Сариева Н.Е" ЖК "Үй тағамы” жартылай дайын өнімдері
“Hfly” ЖК фаст фуд өнімдері
"SKY FOOD” ЖШС “Босфор” дәмханасы
“Нур Сервис” ЖШС “Мармарис “ дәмханасы
“ARABİCA” ЖК кофеханалар желісі
“Каlelov” ЖК кофеханасы
Аталмыш шаралар барысында «Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандартының сақталуы және өнімдердің бекітілген талаптарға сай өндірілуі тексерілді.
Сныымен қатар тексеріс жұмыстары сәтті аяқталып «Үй тағамы» сауда белгісімен танымал «Сариева» ЖК жартылай дайын өнімдер өндірушісіне «QMDB Halal» сертификаты табысталды.