Маңғыстау облысы: «Shogy» жартылай фабрикаттары «ҚМДБ халал» сертификатына ие болды
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында өндірілетін «Shogy» жартылай фабрикаттары халал сертификатына ие болды.
Аталмыш мекеменің халал стандарттарына сай қызмет ету ниетіне байланысты және арнайы тексерістерден кейін, «Халал Даму» ЖШС-нің Маңғыстау облысындағы жауапты өкілі Іздібай Бегенұлы мекеме басшылығына «Халал өнімдерді өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарты бойынша арнайы құжатты табыс етті.
«Shogy» жартылай фабрикаттарына берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі: 21.12.2022 – 20.12.2023.