Маңғыстау облысында 10 кәсіпорын және сауда белгілері тексерілді
«Халал Даму» ЖШС-нің технолог маманы Әсел Таңатардың Маңғыстау облысындағы іс сапары барысында өңірдегі «Каспий құс», «Asia milk» «HFLY», «Maki Maki», «Merhaba», «Morocco», «Coffee River», «Chef`s», «Choko», «Saki Maki» сияқты кәсіпорын және сауда белгілері тексерілді.
Тексеріс барысында кейбір ескертулер жасалынып, кемшіліктерді түзетуге үш күн уақыт берілді. Аудит соңында, «Saki Maki» фаст фуд өнімдерінің «QMDB Halal» сертификаты жаңартылып, қайта табысталды.
«Saki Maki» фаст-фуд өнімдеріне берілген сертификат 12.12.2022-11.12.2023 жылдар аралығында жарамды екенін хабарлаймыз!