МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНДА АУДИТ
«Халал Дамудың» бас сарапшы-технологы Айжан Қалмаханқызы мен Гүлмира Маратқызы, жергілікті өкіл Іздібай Бегенұлы өңірдегі кәсіпорындарда аудит жұмыстарын жүргізді.
Аудит барысында мамандар кәсіпорындардың халал стандарттарына сәйкестігін жан-жақты тексеріп, өндірістің әр кезеңін егжей-тегжейлі қарастырды. Сондай-ақ, өндіріс процестерін, шикізаттың сапасын және санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын басты назарға алды.
Және де кәсіпорын өкілдерімен бірге өндірістік нысандарды аралап, халал сертификатына қойылатын талаптар туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аудит нәтижесінде анықталған олқылықтар мен ұсыныстар кәсіпорындарға түсіндіріліп, оларды түзету бойынша нұсқаулықтар берілді.