
МАҢҒЫСТАУДА АЙЛЫҚ АУДИТ
«Халал Даму» технологы Жанат Ахметқызы Маңғыстау облысындағы кәсіпорындарда айлық аудит жұмыстарын жүргізді. Аудит барысында қоғамдық тамақтану орындары, фаст-фут желілері, ет дүкендері, кондитерлік цехтар т.б өндіріс орындары тексерілді. Бақылау-қадағалау шараларына жергілікті бақылаушы Іздібай Бегенұлы да қатысты.
Аудит барысында кәсіпорындардың халал стандарты талаптарына сәйкестігі жан-жақты сараланып, өндіріс процесі, шикізат пен тағамдық қоспалардың құрамы, өндіріс орындарының санитарлық-гигиеналық жағдайы және қызметкерлердің халал талаптарын сақтау деңгейі тексерілді. Сонымен қатар, кәсіп иелеріне анықталған ескертулер мен түзету шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Тексерілген нысандардың бірқатары халал стандарттарына сай жұмыс істеп жатқаны анықталса, кейбір кәсіпорындарға белгілі бір талаптарды жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді. Сондай-ақ, аудит соңында бірқатар кәсіпорындарға «QMDB Halal» сертификаты табысталды.