
МАҢҒЫСТАУДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛУДЕ
Маңғыстау облысындағы кәсіпорындарда айлық аудит жұмыстары жүргізілуде. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Дамудың» бас сарапшы-технологы Гүлмира Маратқызы мен жергілікті өкіл Іздібай Бегенұлы орындады.
Аудит барысында жергілікті тамақтану орындары, фаст-фуд желілері, ет дүкендері, кондитерлік цехтар т.б өндірісі орындары тексерілуде. Әсіресе, шикізаттың халал стандарттарына сәйкестігі, тағам дайындау барысында санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы, өндірістік құрал-жабдықтардың жеке қолданылуы мен шариғатқа сай бөлінуі назарға алынды.
Сондай-ақ, сертификатталған кәсіпорындардың қызметкерлеріне халал стандарттарының талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оқу-тәжірибелік кеңестер берілді. «Халал Даму» өкілдері кәсіпкерлермен де кездесіп, халал өндірісін дамытуға қатысты ұсыныстар мен сұрақтарға жауап берді.