МАҢҒЫСТАУДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАР ТОЛЫҚ ТЕКСЕРІЛДІ
Маңғыстау облысындағы халал стандарты бойынша сертификатталған кәсіпорындарда айлық тексеріс жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын технолог Әсел Таңатар мен жергілікті өкіл Іздібай Бегенұлы орындады.
«Жоспарлы тексеріс барысында өңірдегі барлық кәсіпорындар түгелдей тексерілді. «Халал Даму» бақылауындағы тамақтану орындары, фаст-фуд өндірісі, кондитерлік және шұжық цехтары т.б өндіріс орындары, шалғайдағы үлкенді-кішілі кәсіпорындарда бақылау-қадағалау шаралары жүргізілді. Жалпы саны, 30-ға жуық кәсіпорын жұмысы мен өндірісін қадағаладық. Тексеріс қорытындысы оң, бекітілген халал стандарты талаптарын бұзу жағдайлары тіркелмеді. Сонымен қатар, «Nasr Et» ет дүкеніне «QMDB Halal» сертификаты табысталды», – деп хабарлайды маманымыз.