Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

26 маусым 2025

73

Жаңалықтар

«MECCA COLA» СУСЫНЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

Халықаралық «Mecca Cola» сусын бренді «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Кәсіпорынның отандық және шет елдік ресми өкілдері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына арнайы келіп, сертификат табыстау рәсіміне қатысты.

Салтанатты «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы сертификатты табыстап, «Mecca Cola» өнімдерінің халал талаптарына толық сәйкес екендігін атап өтті. Ол өз сөзінде: «Бұл сертификат – кәсіпорынның халал стандарттарына адал қызмет етіп отырғанының дәлелі. Халал өнімге сұраныс артып келе жатқан бүгінгі таңда, әлемдік деңгейдегі осындай брендтердің халал стандартын ұстануы – мұсылман тұтынушылар үшін үлкен сенім әрі қуаныш», – деді.

Кездесу барысында тараптар бірлескен жобалар мен халал индустриясын дамыту бағытындағы ынтымақтастықты арттыру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, «Mecca Cola» компаниясының өкілдері Қазақстанда халал индустриясына көрсетіліп жатқан қолдауға ризашылық білдіріп, алдағы уақытта да сапалы, шариғат талаптарына сай өнім ұсынуға ниетті екендерін жеткізді.

Айта кетейік, «Mecca Cola» — мұсылман елдері мен халал өнім тұтынушылар арасында кеңінен танымал халықаралық бренд. Енді бұл өнім Қазақстан нарығында да «QMDB Halal» стандартына сай таңбаланып, сенімді өнім ретінде ұсынылады.

Бөлісу: