Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

18 қыркүйек 2023

165

Жаңалықтар

МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Алматы қаласында өткізілген III-ші халықаралық HALAL EXPO 2023 көрмесі аясында Қырғызстан Республикасы Экономика министрлігі халалды дамыту орталығымен ҚМДБ-ға қарасты «Халал Даму» мекемесі арасында өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Меморандум шеңберінде өңірлерде халал индустриясын дамытуда ортақ мақсат пен мүдделерді негізге алып, бірлескен бастамаларды жүзеге асыру, екі жақты қатынастарды нығайтып, өзара тәжірибие алмасу мәселелері негізге алынды. Ұйым басшылары тұтынушыларды сапалы және шариғат талаптарына сай халал аспен қамтамасыз ету, ақпараттық қолдау көрсету, бірлескен зертетулер жүргізу, мекеме қызметкерлері арасында тәжірибе алмасу секілді жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.

Кездесу соңында мекеме басшылары ынтымақтастық меморандумына қол қойып, құжат алмасты. Сонымен қатар, тараптар қабылдаған меморандум аясында халықаралық конференциялар, дөңгелек үстелдер, форумдар ұйымдастыру, мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында іс-тәжірибе алмасу, онлайн және офлайн кездесулер өткізу, ақпараттық үгіт-насихатты жетілдіру секілді бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарланды.

Бөлісу: