БҚО: МЕШІТ ЖАМАҒАТЫНА СЕМИНАР
«Халал Дамудың» БҚО бойынша жауапты өкілі Асхат Асылбеков жергілікті мешіт жамағатына халал жөнінде оқу-семинар өткізді.
«Халал – Алла Тағаланың бекіткен талабы. Сондықтан дінді ұстанған кез-келген мұсылман халалдың мәселесіне ерекше көңіл бөлуі қажет. Әрбір ішкен асымыз – дұғамыздың қабыл болуы, ұрпағымыздың ізгі болуы, өміріміздің бекерелі болуына бастайтын негізгі себептердің бірі. Сондықтан да, еліміздегі күллі мұсылманның халал ас тұтынуы үшін «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау ұйымы құрылды», – деген маманымыз халал жөнінде кеңінін баяндап, сертификатталған өнімдерді тұтынудың маңызын түсіндірді. Сонымен қатар, қатысушыларды толғандырған түйткілді сұрақтарға жауап берді.