«Мизам» дәмханасы тексерілді
Шымкент қаласындағы «Мизам» дәмханасында бақылау-қадағалау шаралары жүргізілді. Аудит жұмыстарын «Халал Дамудың» Шымкент қаласы бойынша жауапты технологы Аружан Аралбай орындады.
Ревизорлық бақылау барысында қоғамдық тамақтану орнында бекітілген халал стандарты талаптарының орындалуы, ас-ауқат дайындау барысында шариғатқа сай, халал шикізаттар мен тағамдық қоспаларды қолдануы, санитарлық тазалықты сақтауы қадағаланды. Тексеріс нәтижесі оң, халал стандарты талаптары сақталған.