АҚМОЛА: «КУРОЧКА РЯБА» ҚҰС ФАБРИКАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ
«Халал Даму» мамандары Данияр Бақзейнелұлы мен Дулат Қадыр Ақмола облысында орналасқан «Курочка Ряба» құс фабрикасында бақылау-қадағалау шараларын орындады.
«Қазақстанда өнеркәсіптік құс өсіру қазіргі кезде мал шаруашылығының неғұрлым дамыған салаларының бірі. Бүгін Ақмола облысы Целиноград ауданы, Ақмол ауылында орналасқан бройлерлік құс еті мен шұжық өнімдерін өндіретін «Курочка Ряба» құс фабрикасында аудит жұмыстары жүргізілді. «Курочка ряба» – еліміздің солтүстік өңірін құс еті өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған, ірі құс фабрикасының бірі. Тексеріс барысында құстарды баптап-өсіруде қолданылатын жем-азықтың тазалығы, қасапшылардың шариғат және стандарт талаптарына сай құсты қолмен бауыздауы, шұжық цехындағы өндірістің бекітілген талаптарға сәйкестігі қадағаланды», – дейді маманымыз Данияр Бақзейнелұлы бақылау-қадағалау шаралары оң нәтиже көрсетіп, «Курочка Ряба» құс фабрикасы мен шұжық цехында халал стандарт талаптарын бұзу жағдайлары анықталмағандығын хабарлады.