Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

19 ақпан 2024

131

Жаңалықтар

АҚМОЛА ОБЛ.: 3 АУДАНДА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Ақмола облысындағы «Халал Даму» өкілдігінің ұйымдастыруымен Степногорск қаласы, Бестөбе ауылы, Заводской кентінде мешіт жамағаты мен жергілікті имамдарға «Адал ас және адал табыс» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарда халалдың өкілі Науан Муталов дәріс оқыды.

«Саналы ғұмырында адал жолмен мал табу, қоғамға, Отанға адал қызмет ету - адам баласына Алла Тағаланың жүктеген міндеттерінің бірі. Мұсылман адам жұмысының беделі жоғары не төмендігіне, жеңіл не ауырлығына, табысының аз не көбіне емес, бірінші кезекте адалдығына мән беруі керек», – деген өкіліміз шариғаттағы адал ас пен адал табыстың маңызын кеңінен түсіндірді.

Сонымен қатар, халал өнім өндіру технологиясы, шариғатқа сай халал мен харамды ажырату мәселелері, кәсіпорындарда аудиттің жүргізілуі, зертханалық тексерістің орындалуы, тағамдық қоспалар халалдығының маңызы секілді өзекті мәселелер қозғалып, қатысушылар сұрақтарына жауап берілді.

Бөлісу: