Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

02 мамыр 2023

380

Жаңалықтар

Ақмола облысы: "Bizhan" ет өңдеу кешені сертификатын жаңартты

«Халал Даму» өкілі Муталов Науан «МПК БИЖАН» ЖШС кәсіпорнына «QMDB Halal» сертификатын табыстады. 

Ет өңдеу кешені «Халал Даму» мамандарымен толықтай тексерілді және шығарылатын өнім лабораториялық анализден өтті.

«БИЖАН» ет өңдеу кешені 2015 жылы Көкшетау қаласында (Ақмола облысы) іске қосылды және «халал» белгісімен жаңа өнімдер шығаруды бастады.  Жоғары технологиялық ірі қара мал өңдеу кешені Қазақстандағы етті мал шаруашылығының қосалқы секторындағы экспорттық етті қайта өңдеу кәсіпорны болып табылады.

Шаруашылық Ақмола облысы, Краснояр ауылдық округінде орналасқан, оның қуаттылығы 5000 бас ірі қара мал алуға мүмкіндік береді.
Кәсіпорындардың ҚР СТ ИСО 22000-2019 «ХАССП және HALAL сертификатын қолдану негізінде азық-түлік қауіпсіздігін басқару жүйелері (халал өнімдерін өндіру және өткізу) талаптарына сәйкес екенін дәлелдейтін сертификаттары бар. 

Кәсіпорын ассортиментінде шұжық пен ет деликатестерінің 50-ден астам түрі, жартылай фабрикаттардың 20-дан астам, консервілердің 30-дан астам түрі бар.  Барлық өнімдер табиғи дәмдеуіштер мен хош иістендіргіштерді пайдалана отырып, классикалық рецепттерге сәйкес шығарылады. «МПК БИЖАН» ЖШС өнімдері – қолжетімді бағадағы лайықты сападағы өнімдер.

Бөлісу: