Ақмола облысы: «Mеат proccessing Grup» ЖШС сертификатталды
«Mеат proccessing Grup» ЖШС мекемесі «QMDB halal» сертификатына ие болды. Сертификатты «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады.
«Халал Дамудан» сертификаттаудан өтуге өтініш білдірген күннен бастап, тиісті бақылау-қадағалау шаралары жүргізіліп, технолог мамандардың қатысуымен барлық шикізаттары мен тағамдық қоспалары тексерілді. Бақылау жұмыстарының оң нәтижиесінен кейін «Mеат proccessing Grup» жартылай дайын өнімдері «Халал Даму» стандартына лайық деп танылды.