АҚМОЛА ОБЛЫСЫ: МЕШІТ ЖАМАҒАТЫНА СЕМИНАР
«Халал Дамудың» Ақмола облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен Щучинск және Бурабай қалалық мешіттері жамағатына «Адал ас және арлық ұрпақ» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Семинарда халалдың жауапты өкілі Муталов Науан дәріс оқыды.
«Халықты халал жөнінде құлақтандыру мақсатында өткізілген семинарда шариғаттағы халалдың маңызы, стандарт талаптары мен ерекшеліктері, халал кондитерлік өнімдер технологиясы, фармацевтика саласындағы халал өндірісі мәселелері қозғалды. Халал өнім тұтынудың денсаулығымыз бен құлшылығымызға, ұрпақ тәрбиесіне тигізер әсері мен салдары түсіндірілді. Сонымен қатар, жамағат сұрақтарына жауап беріліп, халал жөніндегі көкейкесті мәселелер талқыланды», – дейді өкіліміз.