Ақмола облысында бақылау шаралары жүргізілді
Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау орталығы басшысы Айбек Асқарбекұлы, Ақмола облысының бас имамы Қуаныш қажы Жұмабайұлы, бас сарапшылар Жанар Мұратқызы мен Айжан Қалмаханқызы және Ақмола облысы бойынша жауапты қызметкер Науан Мұталовтар Ақмола облысындағы «QMDB Halal» сертификатына сәйкес өнім өндіруші кәсіпорындарда кезектен тыс бақылау шараларын жүргізуде. Сонымен қатар, халал сертификат алуға өтініш білдірген кәсіпорындарда да аудит жүргізді.
Мамандар тарапынан жүргізілген тексеріс барысында өңірдегі 20 дан астам кәсіпорын өндірісі қадағаланды. Жаңадан сертификаттаудан өтіп жатқан мекемелер туралы қосымша хабарланатын болады.