БУРАБАЙ АУДАНЫ, ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДАҒЫ ХАЛАЛ МЕКЕМЕЛЕРГЕ АУДИТ ЖАСАЛДЫ
Бурабай ауданы мен Щучинск қаласындағы кезекті жоспарлы аудит жұмыстары “KazBeef Processing” қасапханасында, сондай-ақ “Центр плова”, “Лагман центр”, “Компот”, “Royal Pizza”, “Аль Баракат”, “Esma” кәсіпорындарында және Бурабай ауылындағы “Tor Dostar”, “Tary”, “Tau Dostar” нысандарында бақылау-қадағалау шаралары ұйымдастырылды.
Аудит жұмыстарын «Халал Даму» ұйымының маманы, технолог Мейіржан Бауыржанұлы және жергілікті өкіл Науан Муталов жүргізді.
Тексеру барысында өндірістік үдерістердің халал стандарт талаптарына сәйкестігі, пайдаланылатын шикізат пен дайын өнімге қатысты құжаттамалар, санитарлық-гигиеналық жағдай, сондай-ақ ішкі бақылау жүйесінің талапқа сай орындалуы жан-жақты сарапталды. Анықталған ескертулер бойынша кәсіпорын өкілдеріне нақты ұсыныстар беріліп, халал талаптарын одан әрі жетілдіруге бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аудит қорытындысы бойынша “Аль Баракат” және “Esma” кәсіпорындарына «Халал Даму» сертификаттары табысталды.









