АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛУДЕ
Ақмола облысындағы «Халал Дамуға» қарасты кәсіпорындар тексеріс жүргізілуде. Бақылау-қадағалау шараларын технолог Данияр Бақзейнелұлы пен жергілікті өкіл Науан Муталов орындады.
«Центр плова», «Достар», «Borovoe travel» дәмханалары және «Kazbeef processing» қасапханасы тексерілді. Аудит қорытындысы бойынша, халал стандартын бұзу жағдайлары тіркелмеді. Десе де кәсіпорындарға санитарлық тазалық шараларын жақсарту мақсатында ескерту жасалынды. Өңірдегі сертификатталған кәсіпорындар толықтай тексерілгенше аудит жұмыстары жалғасатын болады», – деп хабарлайды маманымыз.