АҚМОЛАДА АЙЛЫҚ АУДИТ ЖАЛҒАСУДА
Ақмола облысындағы сертификтталған кәсіпорындарда айлық аудит жұмыстары жалғасуда. Аудит жұмыстарын «Халал Даму» технологы Данияр Бақзейнелұлы мен жергілікті бақылаушы-инспектор Науан Муталов жүргізді.
Аудит барысында «Гормолзавод» сүт фабрикасы, «Бижан» ет өңдеу зауыты, «Мумтаз», «Evde», «Ас болсын» тамақтану орындары, «Тәп-тәтті», «Happy cake» кондитерлік цехтары тексерілді.
«Солтүстіктегі ірі өндіріс орындарының басым көпшілігі Ақмола облысында орналасқан. Өндіріс ауқымы, нысандарының түрі мен көлемі кең. Аудит қорытындысы бойынша, қорытынды акт толтырылып, кәсіпорын өкілдеріне тапсырылды. Екі күндік аудит нәтижесі бойынша халал стандарты ережелерін бұзу жағдайлары тіркелмеді», – деп хабарлайды өкіліміз.