АҚМОЛАДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛДІ
Ақмола облысындағы «Халал Дамуға» қарасты кәсіпорындар тексерілді. Бақылау-қадағалау шараларын технолог Мейіржан Тілектес пен жергілікті өкіл Науан Муталов орындады.
«Бүгінгі аудит барысында «Гормолзавод» және «Нәтиже» сүт өндірістері, «Bizhan» ет өңдеу кешені, «Көкше-құс» фабрикасы, «Ас болсын» және «Аль-Баракат» мейрамханалары, «Royal Pizza», «Центр плова», «Достар» дәмханалары секілді Бурабай, Щучинск, Көкшетау қалаларында орналасқан кәсіпорындар тексерілді. Бірқатар кәсіпорындарда сертификаттаудың алғашқы кезеңіндегі аудит шаралары орындалған болса, кейбіреуінде айлық бақылау шаралары жүргізілді. Тексеріс қорытындысы оң. Аудит және сертификаттау жұмыстары әлі де жалғасатын болады», – деп хабарлайды маманымыз.