Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

14 ақпан 2025

275

Жаңалықтар

«МОЛОЧНЫЕ ИСТОРИИ-А» КӘСІПОРНЫНДА АУДИТ

Ақтөбе қаласында орналасқан «Молочные истории-А» сүт және сүтқышқылды газдалған өнімдерді өндіретін кәсіпорында алғашқы аудит жұмыстары жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, халалдың жергілікті өкілі Әли Алмат, технолог Ақмаржан Ержанұлы орындады.

Бұл кәсіпорын халал сертификатын алуға өтініш білдірген болатын. Аудит барысында өндіріс орнында қолданылатын шикізаттар, технологиялық жабдықтар және өнім дайындау процестері жан-жақты тексерілді. Сарапшылар өндірістің халал талаптарына сәйкестігін бағалап, санитарлық-гигиеналық жағдайын да назардан тыс қалдырмады.

Сонымен қатар, кәсіпорын қызметкерлеріне халал стандарттары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, олардың сұрақтарына жауап берілді. Алдағы уақытта зертханалық талдау нәтижелері мен аудит қорытындысы негізінде кәсіпорынға халал сертификатын беру немесе қосымша талаптарды орындау қажеттігі туралы шешім қабылданады.

Бөлісу: