Наиб мүфти "Magnum cash&carry" сауда орнына жиын өткізді
Бүгін ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлының төрағалығымен "Magnum cash&carry" сауда орындарының басшылығы және қызметкерлеріне арналған төралқа жиналысы өтті. Жиынға "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы мен технолог, ветеринарлық санитария ісінің маманы Данияр Бақзейнелұлы қатысты.
Ершат Ағыбайұлы: "Құрметті, «Magnum cash&carry» кәсіпорны! Ортақ істің мүддесі үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Халал Даму» мекемесімен бірлесе атқарған сауапты да жауапты қызметтеріңізге алғысымды білдіремін! Сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у): «... Кімде-кім мұсылман бауырының қажетіне жараса, Алла Тағала да оның қажетін өтейді» деген. «Magnum cash & carry» сауда орындарының ет және шұжық өнімдерін халал талаптарына сай сертификатталуы – халық үшін де, халал үшін де оң шешімін тапқан мәселелердің бірі болғаны анық. Дегенмен де, «Magnum cash & carry» сауда орны басшылығы мен қызметкерлерін «QMDB Halal» витринасында діни басқарма тарапынан сертификаттаудан өтпеген шұжық өнімдерімен араласпауын әрі қарай да жіті қадағалап, жүйелі жұмыстарымызды бұдан да жоғары деңгейде жалғастыратынымызға сенемін!" - деген Ершат Ағыбайұлы ортақ істің алдағы жұмыс жоспарын талқылап, қателік-кемшіліктермен жұмыс жасау барысын ескертті.