Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

20 қыркүйек 2022

127

Жаңалықтар

«Нәрлен» шұжықтары мен жұмыртқалары тексерілді

«Нәрлен» сауда белгісімен танылған «Қарқын-2030» кәсіпорнының шұжықтары мен жұмыртқалары тексерілді.

Шымкент қаласында арнайы іссапармен жүрген «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен жергілікті мамандар «Қарқын-2030» кәсіпорнына барып, шұжық цехы мен жұмыртқа өндірісінің халал талаптарына сәйкестігін тексерді. 

Аудит аясында кәсіпорынның шұжық дайындауда қолданатын шикізат өнімдері, тағамдық қоспалары, санитарлық тазалығы, өнім өндіру, өңдеу сақтау процесстерінің барлық кезеңдерінде стандарт талаптарының сақталуы қадағаланды. Сонымен қатар, жұмыртқа өндірісі үшін құстардың жем-азығы, құс фабрикасының жұмысы да назардан тыс қалмады. Тексеріс қорытындысына сәйкес,  кәсіпорын өндірісі мен дайын өнімдері халал талаптарына толықтай сай екендігіне көз жеткізілді.


Бөлісу: