«Natıge Tattı» кондитерлік өнімдері тексерілді
Қарағанды қаласындағы «Natıge Tattı» кондитерлік цехы тексерілді.«Natıge Mılk» сүт фабрикасының құрамдас бөлігі саналатын кондитерлік өндіріс орнында технолог Айзат Ермекқызы бақылау шараларын жүргізіп, кәсіпорын жұмысымен танысты.
Ашылғанына үш күн болған кондитерлік цех, алдағы уақытта халал стандарты бойынша сертификаттаудан өтуге өтініш білдірген болатын. Қазіргі таңда дайын өнімдері мен түрлі қоспаларына зертханалық тексеріс жүргізілуде. Сертификаттау процессі толығымен аяқталғаннан кейін ғана сертификат табысталатын болады.