Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

24 қазан 2025

18

Жаңалықтар

«NAURYZ AGRO KZ» ҚҰС ФАБРИКАСЫНДА АУДИТ

Алматы облысы, Іле ауданында орналасқан «Nauryz Agro KZ» құс фабрикасында айлық аудит жұмыстары жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен жергілікті өкіл Өміржан Терлікбаев орындады.

 Аудит барысында өндірістік цехтар, қасапхана аймағы, қоймалар мен дайын өнімдердің сақталу орындары толық тексерілді. Мамандар құс бауыздау, өңдеу және қаптау кезеңдерінде халал стандарты талаптарының орындалуына ерекше назар аударды.

Айбек Асқарбекұлы кәсіпорын қызметкерлеріне халал стандарттарын ұдайы сақтау, тазалық пен сапаны бақылау, және қасапшылардың діни жауапкершілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, мамандар қызметкерлерге арналған қысқаша оқыту семинарын өткізіп, халал сертификаттаудың маңыздылығын атап өтті.

Аудит нәтижесінде кәсіпорынның өндірістік процестері мен дайын өнімдері «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай деп танылды. «Халал Даму» өкілдері кәсіпорынның адал өнім өндіру жолындағы жауапкершілігі мен жүйелі жұмысына оң бағасын берді.

 

Бөлісу: