Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

06 қараша 2021

346

Жаңалықтар

Нұр-Сұлтан: «Adal-Bereke» ет дүкені сертификатталды

Бүгін, Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан «Халал қызмет» кәсіпорнының «Adal-Bereke» ет дүкені «QMDB Halal» сертификатына ие болды. Сертификатты «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады. «Adal-Bereke» ет дүкенінің екі сату нүктесі «Ауылшаруашылығы жануарлары мен құстарын сою» стандартына сай сертификатталды.

«Қазақ халқы қашанда дастарқандағы астың адалдығы мен құнарына мән беріп, малдың семіздігіне ғана емес, адал жолмен бауыздалуына ерекше көңіл бөлген. Адам баласының қажетіне жаратылған төрт-түлік шариғат жолымен сойылмайынша, еті адал және таза болмайды. Бүгінгі қаланың қарбалас өмірі мен қауырт күйбең-тіршілігінде өз үйінде мал соятындар аз. Сондықтан да, осындай адал мал етін сататын, шариғат талаптарына сай «халал ет дүкендері» қоғамымызға ауадай қажет. Астың адалдығы – имандылық, денсаулық һәм салауатты өмір салтының басты шарты. Ел игілігі үшін атқарылып жатқан адал кәсіптеріңізге Алла берекесін бергей!», – деген Айбек Асқарбекұлы «Adal-Bereke» ет дүкені иесіне отандық халал индустрияны дамытуға қосқан үлесіне ризашылығын білдірді.

«Халал қызмет» кәсіпорнына тиесілі «Adal-Bereke» ет дүкенінің мекен-жайы:

  • Нұр-Сұлтан қаласы, Сығанақ көшесі, 2;
  • Нұр-Сұлтан қаласы, Сабыр Рахымов көшесі, 93

«Adal-Bereke» ет дүкеніне берілген «QMDB Halal» сертификаты 04.11.2021-03.11.2022 мерзімі аралығында жарамды, әрі" «QMDB Halal» стандартына толықтай сай екендігін хабарлаймыз!


Бөлісу: