НҰР-СҰЛТАН: "ALTYN QAZYQ" КӘСІПОРНЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Ай сайын жүргізілетін міндетті аудит жұмысы Нұр-Сұлтан қаласындағы "ALTYN QAZYQ" қасапханасы мен шұжық цехында өткізілді. Тексерісті "Халал Дамудың" технологы, ветеринарлық санитария ісінің маманы Данияр Сафиев орындады.
«Ат – адамның қанаты, ас – адамның қуаты» демекші, қазақ халқы қашанда дастарқанындағы асының адалдығы мен құнарына мән берген. Малдың семіздігіне ғана емес, адал жолмен бауыздалуына да ерекше көңіл бөлген. Адам баласының қажетіне жаратылған төрт-түлік шариғат жолымен сойылмайынша, еті адал және таза болмайды. Мал соятын адам – ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына толған мұсылман болуы керек. Теориялық тұрғыда, жеті жастан асқан әрі союдың мәнісін түсінетін бала бауыздаса, оның сойған малының еті – адал. Малды құбылаға қаратып сою – абзал. Төрт-түлік малды электр тогымен құлатып барып, бауыздау әдістерін естіп-көріп жүрміз. Ең сорақысы, малдың маңдайынан ауыр темір затпен ұрып барып, соятындар да кездеседі. Бұл – малды қинау, азаптау. Мұндайға шариғатымыз қатаң тыйым салады. Ондай малдың еті арам, өлексе болып қалады. Ауыр соққы тиіп өлуге айналған малдың қаны етіне тарайды. Ондай ет адам ағзасына зиян және ауру қоздырғыш бактериялардың жылдам көбейіп кетуіне себеп болады. Сондықтан қасапханаларды жіті қадағалаймыз"", – деген Данияр Сафиев "Altyn Qazyq" қасапханасын тексергенде шариғат және стандарт талаптары толықтай назарға алынғандығын жеткізді.
Тексеріс нәтижесі көрсеткендей, "Altyn Qazyq" қасапханасы мен шұжық цехының өндірісі мен қызметі бекітілген талаптарға толықтай сай.