Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

16 сәуір 2021

58

Жаңалықтар

НҰР-СҰЛТАН: "MONOCLE CAFE" КОФЕХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

Қасиетті Рамазан айының қарсаңында елордадағы  "Monocle cafe" кофеханасы "QMDB halal" сертификатына ие болды. 

"Тоғызбаев" кәсіпкерлігіне тиесілі "Monocle cafe" кофеханасы "Тамақтандыру қызметтері", "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандарты" бойынша сертификатталды. Аталған кәсіпорынның шариғат талаптарына сәйкестігін растайтын "QMDB halal" сертификатын "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады.

"Он екі айдың сұлтаны саналған қасиетті Рамазан айында халал сертификатын иемденіп отырсыздар.  Алланың жақсылығы мен шарапатынын үміт етіп, ораза ұстап, ауызашарға жиналған көпшілікке халал ас ұсыну – жауапкершілік. Сіз бен біздің қызметіміз бен міндетіміз он екі ай бойы жалғасып, тұтынушылар көңілінен шығады деген ойдамын. Алла кәсіптеріңізге береке берсін! Рамазан айында жасаған амал-құлшылықтарымызды Жаратқан Иеміз қабыл еткей!" , – деген Айбек Асқарбекұлы кәсіпкерге алғысын айтып, алдағы уақытта қатаң бақылау-қадағалау шаралары орындалатындығын ескертті."

Өз кезегінде "Тоғызбаев" кәсіпорнының иесі "Халал Даму" ұйымына ризашылығын жеткізіп, "Monocle cafe" кофеханасы ұсынған халал өнімдердің тұтынушылар көңілінен шығатынын айтты.


Бөлісу: