Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

21 қаңтар 2022

59

Жаңалықтар

Нұр-Сұлтан: «Okadzaki» ресторан желісі сертификатталды

Елордадағы қоғамдық тамақтану орындарының бірі – «Okadzaki» ресторан желісі «QMDB Halal» сертификатына ие болды. Сертификатты «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады. «Okadzaki» ресторан желісінің 7 тамақтану орны «Қоғамдық тамақтандыру қызметтері» стандартына сай сертификатталды.

 «Okadzaki» елордадағы танымал ресторан желілерінің бірі. 2016 жылы ашылған шағын суши желісі бірнеше жылдың ішінде алпауыт ресторанға айналды. Біздің басты құпиямыз –тәжірибелі аспаздар, балғын көкеністер мен табиғи азық-түліктерден дайындалатын өнім, ең бастысы талғампаз тұтынушылардың көңілін таба білуіміз. Әр тұтынушының талап-тілектерін назардан тыс қалдырмай, халал өнімді таңдаушылардың ұсынысы бойынша «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификаттаудан өтуді жөн көрдік. Бірнеше айға созылған халал стандарттау және сертификаттау барысында, «Халал Дамудың» кәсіби білікті мамандары үздіксіз қолдау, бағыт-бағдар көрсетті. Нәтижесінде, халал сертификатына ие болып қана қоймай, ас дайындау технологиясын одан әрі жақсарта түстік. Алдағы уақытта «халал» таңбасыны лайықты қызмет атқаратын боламыз», – деген «Okadzaki» рестораны өкілі діни басқарма қызметкерлеріне алғысын білдірді.

 «Okadzaki» ресторан желісі «QMDB Halal» сертификаты 20.01.2022-19.01.2023 мерзімі жарамды екендігін хабарлаймыз! «Okadzaki» ресторан желісінің мекен-жайлары: Темірқазық, 65 Мәңгілік ел, 21/2 Сығанақ, 15 Рысқұлбекова, 29 Мәңгілік ел, 56 Абай, 59 Қонаева, 14Б 

Бөлісу: