Нұр-Сұлтан қ.: «Doner house» фаст-фуд өнімдері сертификатталды
Елордамыздағы «Doner house» фаст-фуд дәмханасы «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификатталды.
Фаст-фуд тағамдарын дайындауда қолданылатын шикізат көздері мен тағамдық қоспалары технолог мамандар тарапынан толықтай тексеріліп, қажетті өнімдерге зертханалық сараптама жасалынды. «QMDB Halal» стандартына сай келмейтін өнімдер қолданыстан алынды. Кәсіби мамандар жүргізген аудит жұмыстарынан кейін «Кушнин» кәсіпкерлігіне тиесілі «Doner house» дәмханасы «Қоғамдық тамақтандыру қызметтері» стандарт талаптары бойынша сертификатталып, «QMDB Halal» сертификаты табысталды.
«Doner house» дәмханасының донер, тауық қанаттары (крылышки), пицца, суши, салат, десерт секілді түрлі өнімдеріне тапсырыс бере аласыздар. Жедел жеткізу қызметі мен мобильді қосымшасы да бар. «Doner hous» – отбасылық демалу әрі тынығу дәмханасында балаларға арналған ойын алаңы да қарастырылған.
Халал әрі дәмді фаст-фуд өнімдерін ұсынатын «Doner house» дәмханасынан дәм татуды қаласаңыз Нұр-Сұлтан қаласы, Сарайшық көшесі 5, ВП-14 мекен-жайына шақырамыз!