НҰР-СҰЛТАН Қ.: "IZUMI SUSHI" СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Нұр-Сұлтан қаласындағы "Айтпаев Н.А" кәсіпорнына тиесілі "IZUMI SUSHI" фаст-фуд өнімдері сертификатталды. Сертификатты "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады.
Күншығыс елінің асханасы, сөзсіз, пайдалы әрі дәруменді азық-түліктер қатарына жатқызылады. Азық-түліктердің жоғарғы сапасы, тыңғылықты өңделуі, табиғи дәмін сақтай отырып дайындалуы тұтынушылар тарапынан да жоғары бағаланады. Жапон асханасы дәстүріне сай дайындалатын "IZUMI SUSHI" фаст-фуд өнімдеріне "Халал Даму" мамандары тарапынан тексеріс шаралары жүргізіліп, өнімдердің өндірілуі, өңделуі, дайындалуы, сақталауы, тасымалдануы толықтай тексеріліп, лабороториялық сынақ қорытындылары оң нәтижені көрсетті.
Шариғат мамандары мен кәсіби технологтардың шешімі бойынша, "Айтпаев Н.А" кәсіпорны "Тамақтандыру қызметтері", "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар" стандартына сай деп танылды. "IZUMI SUSHI" фаст-фуд өнімдеріне берілген "QMDB Halal" сертификаты 26.08.2021-25.08.2022 мерзімі аралығында жарамды екендігін хабарлаймыз!