Нұр-Сұлтан қ.: «Mary» дәмханасы сертификатталды
Рамазан айының қарсаңында елорда қоржыны тағы бір халал дәмханамен толықты. Атап айтқанда, «GastroHill» кәсіпорнына тиесілі «Mary» дәмханасы «Қоғамдық тамақтандыру қызметтері» стандарты талаптарына сай сертификатталды. Технолог мамандардың зертханалық және аудиторлық тексерістерінің оң қорытындысынан кейін, «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы «Mary» дәмханасы өкіліне «QMDB Halal» сертификатын табыстады.
«GastroHill» кәсіпорнының «Mary» дәмханасына берілген «QMDB Halal» сертификаты 26.04.2022-25.04.2023 ж аралығында жарамды екенін хабарлаймыз.
Дәмхана мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қ., Сығанақ көшесі, 60/Б.