Нұр-сұлтан қ.: «Master coffee» дәмханасы сертификатталды
Нұр-Сұлтан қаласындағы «Master coffee» дәмханасы «QMDB halal» сертификатына ие болды. Сертификатты «Халал Дамудың» директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады.
«Халал Дамудан» сертификаттаудан өтуге өтініш білдірген күннен бастап, дәмханада тиісті бақылау-қадағалау шаралары жүргізіліп, технолог мамандардың қатысуымен барлық шикізаттары мен тағамдық қоспалары тексерілді. Қажетті өнімдер лабороториялық зерттеуден өткізілді. Барлық зерттеу және бақылау жұмыстарының оң нәтижиесінен кейін «Master coffee» дәмханасы «Қоғамдық тамақтандыру қызметтері» халал стандартына лайық деп танылды. «Халал – адалдық пен тазалықтың таңбасы. «QMDB halal» стандарты бойынша сертификаттаудан өткендеріңізге Алла разы болсын! Алла кәсіптеріңізге береке берсін!» – деген Айбек Асқарбекұлы «Master coffee» дәмханасы басшылығына ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта мамандар тарапынан міндетті тексеріс жұмыстары жүргізілетінін ескертті.
«Master coffee» дәмханасы өкілі де өз кезегінде «Халал Даму» мамандарына алғысын білдіріп, ұжым жұмысына сәттілік тіледі.