Нұр-Сұлтан қ.: «Мясная Лавка №1» ет дүкені сертификатталды
Нұр-Сұлтан қаласы тағы да бір «QMDB Halal» стандартына сай ет дүкенімен толықты. «Мясная Лавка №1» атауымен тіркелген ет дүкенінің 19 филиалы «Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандартына сай деп танылды. Мамандар тарапынан жүргізілген бақылау шараларының оң нәтижиесінен кейін, сертификаттау жөнінде шешім қабылданды. Қасиетті жұма қарсаңында «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы «Meat Shop №1» ЖШС өкіліне «QMDB Halal» сертификатын табыстады.
Қасиетті Рамазан айында отбасыңыз бен қонақтарыңызға құнарлы да халал ет және ет өнімдерін ұсынуды қаласаңыз, мына мекен-жайларға келіңіз:
- Сәкен Сейфуллин, 1;
- Үшкүлтай Субханбердина, 2;
- Алматы, 5;
- «Asia park» ОСО;
- Абылай хан, 5;
- Ғабит Мүсiрепов, 3;
- Ұлы Дала, 44;
- «Жаннұр» СҮ;
- Кенесары, 4;
- Кенесары, 38;
- Шәмші Қалдаяқов, 15/1;
- Кенесары, 80;
- Жеңіс, 67;
- «Азия сити» СҮ;
- «Рахмет» СҮ;
- «Каскад» СҮ;
- Масаты, 24;
- Бөгенбай батыр, 26;
- «Moskva» СҮ
«Мясная Лавка №1» ет дүкеніне берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі: 30.03.2022-29.03.2023 жж. Аталған ет дүкенінде сатылатын ет өнімдерінің «Халал Даму» тарапынан бекітілген стандарт талаптарына толықтай сай екендігін хабарлаймыз!