Нұр-Сұлтан қ.: «Afsona» рестораны сертификатталды
Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан ең ірі тамақтану орындарының бірі – «Afsona» рестораны, «Angel in us coffee» және «Taksim» фаст-фуд өнімдері «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификатталды. Сертификатты «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады.
«Халал – дініміз бен діліміздегі киелі ұғым. Ізгілікке ерген үмбет ретінде қасиетті Рамазан айы қарсаңында халал стандарты бойынша сертификаттаудан өтіп, тұтынушыларға халал тағам ұсынуды ниет еткендеріңізге Алла разы болғай! Екі дүниенің сардары пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Бір кісі қырық күн халалдан жесе, Алла Тағала ол кісінің жүрегін нұрландырады, жүрегіндегі хикметті тілінен ағызады», – деп адал астың рухани тұрғыдан тазаруға қаншалықты пайдалы болса, денсаулыққа да тигізер әсері орасан зор екендігін ұғындырған. Рамазан айындағы сіз бен біздің осы ізгі амалымызды Алла қабыл етсін!», – деген Айбек Асқарбекұлы кәсіпорын өкілдеріне «QMDB Halal» сертификатын табыстап, кәсіптеріне береке тіледі.
Аталған кәсіпорындарда бақылау-қадағалау шараларын жүргізген бас сарапшы технолог Айжан Қалмаханқызы тамақтану орындарының «QMDB Halal» талаптарына толықтай сай екендігін және де дәмхана қызметкерлеріне оқу-семинары өткізілгендігін хабарлады. «Afsona» рестораны, «Angel in us coffee» және «Taksim» фаст-фуд өнімдері берілген «QMDB Halal» сертификаты 31.03.2022-30.03.2023 мерзімі аралығында жарамды. Мекен-жайлары:
Ресторан «Afsona» – Нұр-Сұлтан қаласы, Сығанақ көшесі, 60/5;
«Angel in us coffee» кофеханасы – Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 62;
«Taksim» фаст-фуд өнімдері – Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 62.