Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

23 шілде 2021

202

Жаңалықтар

НҰР-СҰЛТАН: "РОМАНОВСКИЙ ПРОДУКТ" ҰН ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарына кеңінен танылған "Романовский продукт" сауда маркалы ұн өнімдері  "QMDB halal" сертификатына ие болды.  "Нур Адиль NS" кәсіпорнына тиесілі "Романовский продукт"  өнімдері "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға, сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына" сай сертификатталды. 

2007 жылы 50 ш.м цехта сэндвич өндірісімен өз жұмысын бастаған "Романовский продукт" өнімдерінің түрі қазіргі таңда 20-ға жетсе, аумағы 4000 ш.м-ге ұлғайды. "Халал Даму" мамандары  кәсіпорнының өндіріс аумағында бақылау-қадағалау шараларын жүргізіп, күмәнді өнімдер мен тағамдық қоспаларын лабораториялық тексерістен өткізді.

"Романовский продукт" сауда белгісімен нан және кондитерлік, кулинарлық өнім түрлері шығарылады. Нан - адам денсаулығы мен өмірі үшін  қажетті микроэлементтерді қамтитын маңызды өнім. Сол себепті, пайдасы мен адалдығын қатар үйлестіру үшін өндіріс барысында қолданылатын  шикізаттар пен қосалқы қоспалардың халалдығымен қатар, экологиялық таза болуы да назарға алынды. Сертификаттау процессінің оң қорытындысына сәйкес, "Нур Адиль NS" кәсіпорынның "Романовский продукт" сауда белгісімен шығарылатын 26 түрлі ұн өнімі "QMDB HALAL" стандарты талаптарына толықтай сай деп танылды", – деп хабарлайды аталған кәсіпорынды сертификаттаудан өткізген "Халал Дамудың" бас сарапшы-технологы Айжан Омарова.

"Нур Адиль NS" кәсіпорнының "Романовский продукт" өнімдеріне берілген "QMDB halal" сертификаты 14.07.2021- 13.07.2022 мерзімі аралығында жарамды екенін хабарлаймыз!

Бөлісу: