21 қыркүйек 2022

68

Жаңалықтар

«Nurtau distributtion company» кондитерлік фабрикасы тексерілді

Көпшілікке «Mexxi» кәмпиттерімен танылған «Nurtau distributtion company» кондитерлік фабрикасында аудит жұмыстары жүргізілді.

«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы бастаған ревизорлық топ,  кәсіпорынның өндіріс аумағында болып қайтты. 

«Шымкент қаласы, Тассай индустриялық аймағында орналасқан кондитерлік цех — еліміздегі үздік кәсіпорындардың бірі. Кезекті тексеріс барысында дайын өнімдердің өндірілуі мен сақталуы, қапталуы,  тасымалдануы,  жеткізілуі секілді өндіріс кезеңдерін қадағаладық. Көпшіліктің көңілінен шыға білген кондитерлік өнімдер — талғампаз тұтынушылардың жоғары бағасына ие болары анық»,  — дейді бақылаушы мамандар.


Бөлісу: