Орал облыстық орталық мешітте ауызашар дастарханы тексерілді
"Халал Даму" стандарттау және сертификаттау бөлімінің Рамазан жопарында берілген тапсырмасына сай Орал облыстық орталық мешітте жергілікті өкіл Асхат Асылбеков ауызашар дастарханын тексерді.
"Қасиетті айда ауызашар ұйымдастыратын қала мешіттерінде азық-түліктің, ас-судың халал стандартына талаптарына сәйкес болуы, мамандар тарапынан тексерілген өнімдердің қолданылып, ұсынылуы тексерілді. Санитарлық талаптардың орындалуы да жіті қадағаланды. Ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нұсқаулықтар берілді", – деп хабарлайды Асхат Асылбеков.