Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

05 ақпан 2024

98

Жаңалықтар

ОРАЛДА МЕШІТ ЖАМАҒАТЫНА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

«Халал Даму» өкілі Асхат Асылбеков Орал қалалық «Ар-Рахман» мешіті жамағатына халал жөнінде оқу-семинар  өткізді.

«Халал – Алла Тағаланың бекіткен талабы. Сондықтан дінді ұстанған кез-келген мұсылман халалдың мәселесіне ерекше көңіл бөлуі қажет. Әрбір ішкен асымыз – дұғамыздың қабыл болуы, ұрпағымыздың ізгі болуы, өміріміздің бекерелі болуына бастайтын негізгі себептердің бірі. Сондықтан да, еліміздегі күллі мұсылманның халал ас тұтынуы үшін «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау ұйымы құрылды», – деген маманымыз халал жөнінде кеңінін баяндап, сертификатталған өнімдерді тұтынудың маңызын түсіндірді. Сонымен қатар, қатысушыларды толғандырған түйткілді сұрақтарға жауап берді.


Бөлісу: