Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

12 маусым 2025

30

Жаңалықтар

ҚОРДАЙ ИМАМДАРЫНА СЕМИНАР

Жамбыл облысы, Қордай ауданының имамдарын халал турасында оқу-семинар өткізілді. Семинарда «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, облыстың бас имамы Асқар Зәкіржанұлы, технолог Аблайхан Кәріпбаев дәріс оқыды.

Семинар барысында қатысушыларға халал индустриясының дамуы, стандарттау жүйесі, қасапшылық ережелері, халал өнімдердің ерекшеліктері мен тұтынушылар алдындағы жауапкершілік жайлы кеңінен мағлұмат берілді. Сонымен қатар, қасапшылар мен кәсіпкерлерге қатысты қойылатын талаптар, өндірістегі шариғат шарттары мен заманауи технологиялар арасындағы үйлесімділік мәселелері жан-жақты талқыланды.

Имамдар тарапынан да көптеген сұрақтар қойылып, халал мен харамның ара-жігін ажырату, ауылдық жерлерде халалдың маңызын түсіндіру жолдары секілді маңызды тақырыптар қозғалды. Семинар интерактивті форматта өтіп, тәжірибелік мысалдар арқылы білім толықтырылды.

Іс-шара соңында имамдарға ақпараттық-әдістемелік материалдар таратылып, болашақта халықпен жұмыс барысында халал талаптарын дұрыс жеткізуге септігін тигізетіні айтылды. Айта кетейік, «Халал Даму» ұжымы осындай оқу-семинарларды тұрақты түрде өткізу арқылы дін қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды көздейді.

Бөлісу: