Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

14 шілде 2025

10

Жаңалықтар

ҚОРДАЙ ЖАМАҒАТЫНА СЕМИНАР

Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы «Маки-маки» фаст-фуд дәмханасы және «Қайрат» кәсіпорнында бақылау-қадағалау шаралары орындалды. Аудит жұмыстарын «Халал Дамудың» Жамбыл облысы бойынша жауапты өкілі Аблайхан Кәріпбаев жүргізді. Сонымен қатар, жергілік әйел жамағатына «халал азық-түлік» төңірегінде оқу-семинар өткізілді.

Оқу-семинар барысында қатысушыларға халал стандарттарының талаптары, тағам өнімдеріндегі күмәнді қоспалар мен олардың зияны, сонымен қатар дүкен сөрелеріндегі өнімдерді дұрыс таңдау жолдары кеңінен түсіндірілді. Әйел жамағаты тарапынан халал өнімге қатысты көптеген сұрақтар қойылып, нақты мысалдар арқылы жауап берілді.

Шара соңында қатысушыларға «Халал Даму» мекемесінің жұмысы, сертификаттау үдерісі мен бақылау тетіктері туралы ақпарат беріліп, ақпараттық кітапшалар таратылды. «Мұндай кездесулер жергілікті тұтынушылардың діни талаптарға сай таза әрі сенімді өнімді таңдаудағы сауаттылығын арттыруға бағытталған», – дейді маманымыз.

Бөлісу: