ҚОРДАЙДАҒЫ КӘСІПОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛДІ
Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы бірқатар кәсіпорындарда аудит шаралары жүргізіліп, қызметкерлерге оқу-семинар өткізілді. Бақылау-қадағалау шараларын жергілікті өкіл Аблайхан Кәріпбаев орындады.
Аудан орталығында орналасқан «Первомайский» қасапханасында қасапшылармен кездесу ұйымдастырылып, оқу-семинар өткізілді. Семинарда қасапшылықтын маңыздылығы айтылып, мал сою барысында барынша мұқият болу қажеттілігі түсіндірілді.
Сонымен қатар, аудит «Риха» шұжық цехы, «Маки-маки» фаст-фуд дәмханаларында жалғасын тапты.