«Өскемен құс фабрикасы» тексерілді
Сертификатталған кәсіпорындарды бақылау-қадағалау шаралары Өскемен қаласында өз жалғасын тапты. «Халал Даму» технологы Данияр Бақзейнелұлы мен жергілікті өкіл Үмбет Досжан «Өскемен құс фабрикасында» кезектен тыс аудит жұмыстарын жүргізді.
«Өскемен құс фабрикасы» – Қазақстанда құс етін өндіретін ең ірі кәсіпорындардың бірі. Аталған шаруашылық орны 1976 жылы құрылып, жарты ғасырға жуық мерзімде еліміздің түкпір-түкпіріндегі тұтынушыларды жоғары сапалы өнімдермен қамтамасыз етіп келеді. Бүгінгі бақылау-қадағалау барысында құс азығының шариғатқа сай таза болуы, қасапшылардың құсты қолмен бауыздауы, салқындатқышта сақтау мерзімі секілді барлық процесс кезең-кезеңмен тексеріліп, бекітілген стандарт талаптарына сәйкестігі қадағаланды. Аудит барысында халал өнімдерін өндіру, өңдеу, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын стандарт талаптарын бұзу жағдайлары тіркелмеді. Санитарлық тазалық мәселесі де жоғары деңгейде», – деп атап өтті Данияр Бақзейнелұлы.