ӨСКЕМЕНДЕ БАҚЫЛАУ ШАРАЛАРЫ БАСТАЛДЫ
"Халал Даму" мамандары тарапынан жүргізілетін облыстық ревизорлық бақылау шаралары Өскемен қаласында жалғасуда. Ветеринарлық санитария ісінің маманы, технолог Данияр Сафиевтің шығыс өңірге бағытталған іс сапары барысында "Өскемен май" зауыты, "Өскемен құс фабрикасы", "Milano cakes" кондитерлік өндірісі, "Magnum" сауда желілері тексерілді. Бақылау-қадағалау шараларына жергілікті инспектор-контролер Үмбет Досжан да қатысты.
"Таза, пайдалы, әрі сапалы тамақ өнімдерін өндіру – халықтың қажеттілігін қанағаттандырудағы экономиканың негізі құраушы элементтерінің бірі. Сондықтан тамақ өндірісі мемлекеттің азық-түлік