Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

21 сәуір 2022

62

Жаңалықтар

Өскемендегі кәсіпорындар тексерілді

Халал Даму» технологы Данияр Бақзейнелұлы Өскемен қаласындағы іс-сапары барысында өңірдегі «Magnum» сауда орындары, «Айтас-МП» шұжық цехын, «Milano cakes» кондитерлік өнімдері, «Адал ет Өскемен» ет дүкені, «Iskander Mangal» дәмханасында аудит жұмыстарын жүргізді. Бақылау шараларына жергілікті өкіл Үмбет Досжан да қатысты.

«Екі күндік іс сапар барысында өңірдегі сертификатталған кәсіпорындарды толықтай қадағалаудан өткіздік. Әрине, тексеріс барысындағы басты мақсатымыз – өндіріс орындарында бекітілген халал стандарт талаптарының орындалуы мен сақталуына көз жеткізу. Тексеріс кезінде анықталғандай, кәсіпорындардың өндірістегі талап-тәртіпті сақтауы көңіл қуантарлық. Аудит нәтижесі бойынша, барлық кәсіпорындардың бекітілген халал стандарты талаптарын қатаң сақтайтыны анықталды. Сонымен қатар, сертификатын жаңартқан «Milano Cakes» кондитерлік өнімдері мен «Iskander Mangal» дәмханасына «QMDB Halal» сертификаты табысталды», – деп хабарлайды Данияр Бақзейнелұлы.

Бөлісу: