Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

01 қараша 2024

297

Жаңалықтар

ҚОСТАНАЙ: «BEEF EXPORT GROUP» ЕТ КОМБИНАТЫ ТЕКСЕРІЛДІ

«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен халалдың жергілікті өкілі Алишер Балахмет «Beef expert group» ет комбинатында бақылау-қадағалау жұмыстарын жүргізді.

Тексеріс барысында мал бауыздау және союға қатысты қойылатын «QMDB Halal» стандарты талаптарының орындалуы мен сақталуы назарға алынды. Малды қолмен, әрі, «Бисмиллаһ» айтып бауыздауы, бір малдың көзінше өзге малды соймауы, қинамауы, малды бауыздағаннан кейін қан ағызу ұзақтығының бекітілген уақытқа сәйкес келуі, мал етін өңдеу, сақтау, сату, тасымалдау секілді процесстердің барлығында халал стандарт талаптарының жүйелі жүзеге асуы ескерілді.

Бақылау шараларының қорытындысы бойынша, мамандар «Beef expert group» ет комбинатының жұмысын жоғары бағалады. Олар қасапхананың халал стандартына толықтай сақтап, тұтынушыларға сапалы әрі қауіпсіз өнім ұсыну үшін барлық қажетті шаралар атқарылғанын атап өтті.


Бөлісу: