ҚОСТАНАЙ: «BEEF EXPORT GROUP» ҚАСАПХАНАСЫНДА АУДИТ
Қостанай облысының өкілі Алишер Балахмет «Beef export group» кәсіпорнының өндіріс аумағында болып, кезекті бақылау-қадағалау шараларын жүргізді.
«Beef export group» қасапханасы – 2018 жылы құрылған өңірдегі ірі кәсіпорындардың бірі. Қасапхана – ірі қара малды бауыздау және өңдеу, ет өнімдерін консервілеу, жүннен жасалған өнімдерді дайындау, ет өнімдерінің көтерме және бөлшек саудасы бағытында жұмыс істейді. Кәсіпорын аумағы заманауи техникалық құралдармен жабдықталған және өндірісте 40-тан астам қызметкер жұмыс жасайды. Кәсіпорынның халал сертификатын жаңарту үшін аудит шараларын жүргізген болатынбыз. Тексеріс оң нәтиже көрсетті. Сонымен қатар, кәсіпорын қызметкерлеріне оқу-семинар ұйымдастырылды», – деген маманымыз сертификат жаңарту процессі әлі де аяқталмағынын хабарлады.