ҚОСТАНАЙ: «ФИЛАДЕЛЬФИЯ» ДӘМХАНАСЫНА СЕРТИФИКАТ ТАБЫСТАЛДЫ
Қостанай қаласының «Филадельфия» суши-пицца орталығына Қостанай облыстық мешітінің наиб имамы Азамат Мұрзақанов халал сертификатын салтанатты түрде табыстады.
Сертификат табыстау барысында кәсіпорын қызметінің халал талаптарына толық сәйкес келетіні атап өтіліп, алдағы уақытта да стандарттарды сақтау қажеттігі ескертілді.