Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

01 қараша 2024

278

Жаңалықтар

ҚОСТАНАЙ: МЕШІТ ИМАМДАРЫНА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен Қостанай облысының бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы жергілікті имамдарға халал турасында семинар өткізді. Онлайн және офлайн форматта өткен семинарға қала, аудан, ауыл имамдары мен мешіт қызметкерлері қатысты.

«Халал стандарты» дегеніміз – бірінші кезекте өнімнің шариғат үкімдеріне сай болуы. Халал үкімі тек тағамға ғана тән десек қателесеміз. Халал индустриясына – тамақ өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп, білім беру және денсаулық саласы, қаржы-қаражат т.б барлығы жатады», – деген Айбек Асқарбекұлы халал стандартының талаптары мен ерекшеліктерін түсіндіріп, мағлұмат берді.

Сонымен қатар, бас имам Бектұрсын Торғайбайұлы жергілікті имамдарға өңірде халал жөнінде ақпарттандыру жұмыстарын жетілдіріп, үгіт-насихат шараларын арттыруды тапсырды.

Бөлісу: